Алматы облысында халықаралық әуе шарлары фестивалі өтті
Демалыс күндері Алматы облысының аспанына әсем әуе шарлары ұшырылып, Алатау бөктерінің көркі ерекшелене түсті. Қарасай ауданында өткен халықаралық фестивалЬде Қазақстаннан бөлек Германия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Өзбекстаннан арнайы келген қатысушылар жиналды. Шара аясында төрт адамнан 16 адамға дейін тасымалдай алатын 29 әуе шары таныстырылды. Таңсәріден бастап көкте қалықтаған шарлар бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктерімен көпті таңғалдырды. Іс-шараға ұшқыштар мен техникалық мамандар бастаған 700-ден астам адам қатысты. Қатарында 290 сағатқа жуық уақытын аспанда өткізген Моңғолиялық ұшқыш та болды.
БАТЫР ДАВААЦЭРЭН
ҚАТЫСУШЫ (МОНҒОЛИЯ):
«Мен мұнда 2023 жылы да болғанмын. Биыл фестивальге қайта қатысамын деп шештім. Қазақстан маған ұнайды. Әсіресе Қостанай, онда мен осы ерекше бағытты үйрендім. Бұл жердің ауа райы өте қолайлы».