Қауіпсіздікке бастар алғашқы қадам

Облыста жас жол инспекторларының слеті өтті. 19-шы рет ұйымдастырылған дәстүрлі шара оқушылардың жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін жетілдіріп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. 

Жиынға қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, үздіктерді анықтады. Қатысушылар әсіресе велосипедпен арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ерекше шеберлік танытып, қауіпсіздік талаптарына аса мән берді. Мұндай тәжірибе алаңы балалардың жолдағы жауапкершілігін арттырып қана қоймай, халықаралық деңгейде өз білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

МЕДИНА БОЛАТЖАН      №7 ОРТА МЕКТЕПТІҢ «ЖАС САҚШЫ» ЖАСАҒЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ
«Мен 2024 жылы Қырғызстанда өткен халықаралық Жас жол инспекторлары жиынына қатыстым. Ол халықаралық деңгейде өтті . Біз командалық есепте бірінші орынды иелендік. Бұл біз үшін қызықты әрі таптырмас тәжірибе болды. «Қауіпсіз дөңгелек» бағдарламасы Жол қозғалысы ережелерін меңгеріп, оларды үйренуге, жол-көлік оқиғаларының азаюына және біздің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беруде.»

Сондай-ақ оқыңыз: