Талғарда түнгі рейд өтті
«Заң және тәртіп» жобасы аясында Талғар ауданында ауқымды түнгі рейд өтті. Тыныштық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған арнайы іс-шараға прокуратура, полиция инспекторлары қатысты.
Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі, қоғамдық тәртіптің сақталуы және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тәртіпке бағынбай, көше кезген жасөспірімдер анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттамалар толтырылып, 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, компьютерлік клубтар мен қоғамдық орындардың жұмысы да бақылауға алынды. Нәтижесінде көпшілік орындарда қорқор пайдаланған азаматтар 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалады. Ал заң талаптарына немқұрайлы қараған жеке мекеме өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеріс барысында азық-түлік дүкендері де назардан тыс қалмады. Тыйым салынған уақытта ішімдік сатқан кәсіпкерлерге қатысты тиісті шаралар қабылданды.
Алкоголь өнімдерін сағат 21:00-ден кейін сатуға тыйым салынғанын білесіз бе? Қай сатушы сізге аталған өнімді сатты? – Мына кісі. – Өнімді мына жерге қойыңызшы. – Аталған дүкеннің иесі ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша жауапқа тартылады.
МЫҢБАЕВ ЖАЙНАРБЕК,
ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
«Соңғы бес айдың қорытындысы бойынша өткен жылы ауданда 751 қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 658-ді құрады. Бүгінгі рейд барысында тағы 8 құқық бұзушылық анықталды. Жалпы қылмыс деңгейі төмендеп келеді. Қазіргі таңда көрсеткіш 20 пайыздан астамға төмендеді».