Жол құрылысы жүріп жатыр

Райымбек ауданындағы «Кеген – Нарынқол» тасжолының орташа жөндеу жұмысы жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Құрылыс қараша айында аяқталуы тиіс. 
Қазірдің өзінде жол құрлысының 70 пайызы соңына жеткен. Құны 8 миллиард теңгені құрайтын жобаға екі асфальт зауыты мен үш қиыршық тас өндіретін кәсіпорын тартылған. Ауданның көлік қатынасын қамтамасыз ететін күре жолдың стратегиялық маңызы зор. Сондықтан құрылыс сапасы жіті бақылауда.


ҚАНАТ ӘБІЛҚАЙЫРОВ 
«НҰРЛЫ ЖОЛ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ 
«Осы жолды жөндеуге қазіргі уақытта 70 ке жуық адам жұмылдырылды. Сонымен қатар 50 ге жуық техника жұмылдырылған. Бүгінгі күнде 74 шақырым жолдың  53 км жолдың негізі салынған және 52 км асфальтобетон қабаттың астыңғы қабаты салынған. Ол осы 70 пайыздан астам көлемін құрайды.»

Сондай-ақ оқыңыз: