Этноауылға сұраныс артты
Облыста туристік әлеуеті жоғары өңірдің бірі – Райымбек ауданы. Қазір аспантау аясына келушілер саны күн санап артып келеді. Ал ауданның биылғы демалыс маусымына дайындығы қалай? Толығырақ әріптесім Ақжан Анапия әнгімелейді.
Қақпақ ауылы хантәңірі етегіндегі этнотуризмімен танымал елді мекен. Мұнда келген қонақ атқа мініп, ұлттық дәм татады. Қазақы қонақжайлықты терең сезініп, «көшпенділер» өмірімен кеңірек танысады. Мұнда шетелдіктер де үлкен қызығушылықпен келеді. Мәселен былтыр екі жүз мыңнан аса турист ат басын бұрыпты. Биыл да бұл үрдіс қызу жалғасын тауып жатыр. Сол себептен, жалпы киіз үй санын елуге жеткізу жоспарланып отыр.
БАЯН ҮМБЕТБАЕВА
ДЕМАЛЫС ОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Адамдардың әрқайсысы әртүрлі келеді. Мысалы қазақ азаматтары келіп жаста, біз жаңағы әнімізбен қарсы аламыз. Ал қытай азаматтар келіп жатса оған басқаша үлгіде көрсетеміз. Мына жерде аттар болады, сауын биелер болады. Солардың барлығын пайдаланамыз. Дастарханда жаңа өздеріңіз көріп өткендей сары майымыз, құртымыз, ірімшігіміз, қаймақ бәрі үзілмейді.»
Шеткері аймақ дегенмен мұнда заманауи орталық та бар. «Хан Тенгри этно - ауылы» аймаққа танымал демалыс кешендерінің бірі. Мұнда жұрт қаланың у-шуынан алыстап , әсем табиғат аясында алаңсыз демалады.
ЕРДОС САЙЫНОВ
ҚАҚПАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Ең басты мақсатымыз – мына Қақпақ пен Көкбел ауылының кәсібі дамыған, туристер қызыға қарайтындай ауылдың брі жасау. Енді одан кейінгі жоспарымыз мынау - Дегерес тауының жаңағы бас жағына шыққан кезде жаңағы, көлікпен де шығуға болады. Сол жерде Хантәңірі. Жаңағы сол жерде 7-8 ауыл көрінеді. Сол жерге көру алаңы, аңғақ-тоңғақ деген сияқты бір көру алаңынажасасақ деп жоспарлап отырмыз.»
Шұбартал жайлауы да туризм бағытындағы маңызды аймақ. Алдағы екі жыл ішінде орталықтан жайлауға дейінгі 28 километр аралыққа тас жол салынады деп көзделген.