ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ!

Аһ ұрған әке, күйзелген ана, жанары жасаураған бала. Ондайдың беті аулақ десекте бұл мәселемен күнделікті бетпе бет келіп жатамыз. Осындай келеңсіз жағдайды оңау үшін құрылған Іле аудандық отбасын қолдау орталығына 6 ай ішінде 578 азамат жүгінген. Ал бұл мекеменің жалпы қызметі нені көздейді? Қиындыққа тап болғандарға қандай көмек көрсетеді. Құрманжан Қасымжанұлы тақырыпты тамыздықтап көрсін! 


(маман қарызсыз қоғам жобасын түсіндіреді.) Саламатсыз ба, мен аманат партиясы қарызсыз қоғам жобасынан хабарласып тұрмын. Есімім Шынар болады. Біз кредит мәселесі бойынша тегін ақпарат таратып жатырмыз. Сізге осындай ақпарат керек пе? 

Бұл отбасын қолдау орталығының «Аманат» партиясымен бірлескен «қарызсыз» қоғам жобасыс. Мұнда қаржылай қиындығы бар бар отбасының уақтылы төленбеген несиесіне тегін заңгер кеңесі ұсынылады. Ал тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған ана мен балаға заңдық көмек көрсету орталықтың басты міндеті. 


КӨРКЕМ НҰРСЕЙІТОВА             ІЛЕ АУДАНДЫҚ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Ішкі істер бөлімі бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы бөлім ашылды. Бір жыл болды. Онда әйел инспекторлар жұмыс жасайды. Біз олармен барлық құжаттарын реттестіріп, нақты зорлық-зомбылық құрбаны болып табылғанда дереу Қонаев қаласының дағдарыс орталығына апарып орналастырамыз. Сол жақта ана мен балаға 8 түрлі қызмет бағыты көрсетіледі.


Жыл басынан бері мұнда жұмыссыздық, құжат әсіресе тұрмыстық – зорлық зомбылық мәселесі бойынша 578 азамат көмек сұрап келген. 


БАЛЖАН ЖҰМӘДІЛҚЫЗЫ           ПСИХОЛОГ 
Көп жағдайда тұрмыстық зорлық зомбылық көрген аналар. Яғни тұрмыста жүргенде күйуінен жәбір көрген болмаса өзін мойындата алмай жүрмін деген бастысы психолгиялық тромммасы бар аналар келеді бізге. Біз ол кісілерді бақылап, тиісті психологиялық қолдау жұмыстарын жүргіземіз.


Орталықтың басты мақсаты - отбасы құндылығын сақтау. Қиындықта қалған жанұия мұшелерін алыстату емес бастарын біріктіріп табыстыру дейді жауаптылар. 


КӨРКЕМ НҰРСЕЙІТОВА             ІЛЕ АУДАНДЫҚ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Ол отбассын барынша сақтап қалуға тырысамыз. Өйткені бұл жерде әйел адам да ер адам да өз беттерімен кете береді. Ал балаларға өте қиын болады. Сондықтан бізідң ең бірінші көздейтініміз камелет жасына толмаған балалар қауіпсіздігі. Бақытты отбасын сақтап қалу.


Айта кетсек отбасын қолдау орталығы үш бағытта жұмыс істейді. Ол әлеуметтік қолдау көрсету, тегін заңгер кеңесі сондай ақ психологиялық көмек болып табылады. 

Сондай-ақ оқыңыз: