ТЕЛЕВИЗИЯ МАЙТАЛМАНЫ

Бүгін қазақ журналистика академиясының профессоры, «Қонаев Медиа» телеарнасының бас директоры Қымбат Хангелдинаның мерейлі туған күні. Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетін тамамдаған ол бар өмірін телевизия саласына арнады. 

Осыдан отыз жылдан аса уақыт бұрын бейнетті ауыр һам беделі биік тележурналист мамандығына келді. Жаңалықтар жүргізе жүріп, елдегі ең беделді медиа менеджерлердің біріне айналды. Елдің ең бас арнасының бірі «Хабар» ұлттық телеарнасында оның құрметті есімі ұзақ жылдар бойы аталды. Қымбат Садықбекқызы өз кәсібі жолында «Кешкі жаңалықтар», «Көзқарас», «Картадағы контурлар», «Дилемма», «Бүкіл ел», «Балалар саябағы» және т.б. ондаған тележобаларды жарқыратып жүргізді.  Бұл бірегей дарын оның ел үшін еңбек етуді мақтаныш санайтын қанмен келген асыл қасиеті еді. Қымбат Хангельдина ата жолын жағады. Әке үмітін ақтады. Әкесі Садықбек Хангелдин партия және мемлекеттік органдарда жоғары қызметтер атқарған белгілі мемлекет қайраткері, жазушы, публицист болған. Оның нағашысы, қазақ мәдениеті тарихында елеулі із қалдырған әйгілі «Дударай» операсының либреттосының авторы Айтпай Хангелдин еді. Қазір Қымбат садықбекқызының жетекшілігімен тәй басқан «Қонаев Медиа» телеарнасы қанатын кеңге жайып келеді. Білікті басшысы бастамасымен арнада айтулы жобалар ашылып, жас журналистер қанатын қатайтуда. Осылайша ұжым елдегі бір егей ақпараттық медияға айнадуы көздейді.  

Сондай-ақ оқыңыз: