Цифрлық бақылау
Қоғамдық қауіпсіздік пен «Заң және Тәртіп» қағидаты басты бағыт. Бүгінде Алматы облысында заманауи цифрлық жобалар кеңінен енгізілуде. Аймақта тұрғындар қауіпсіздігін 9 416 бейнебақылау камерасы үзіліссіз күзетіп тұр.
Ерекше назар облыс орталығына бағытталған. Қонаев қаласындағы 656 ақылды камера Жедел басқару орталығына тікелей қосылып, ахуалды тәулік бойы бақылауда ұстайды. Бұл жүйенің тиімділігі жоғары, жыл басынан бері Қонаевта бейнемониторинг көмегімен 1 215 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, бірқатар қылмыс ізі суымай ашылды. Сонымен қатар, қала қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтеру үшін арнайы стационарлық дрон да сәтті пайдаланылуда. Әуеден кең ауқымды қадағалайтын бұл аппарат кез келген оқиғаға полиция нарядтарының қас-қағым сәтте жетуіне жағдай жасайды. Осындай зияткерлік жүйелердің арқасында бүгінде Қонаевта «соқыр аймақ» қалмай, қылмыстың алдын алу жұмыстары белсенді жүріп, жыл сайын жетілдіріліп жатыр.
БЕРІК НҰРҒАЛИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Бейнебақылау жүйелерін дамыту және заманауи технологияларды енгізу заң мен тәртіп қағидаты аясында жүргізілуде. Бұл жұмыстар өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.