Ауыл тұрғындарына жағдай жасалуда

Алматы облысында шалғай ауыл тұрғындарына арналған заманауи медициналық көмектің қолжетімділігі артып келеді. Өңірлердегі денсаулық сақтау саласын сапалы деңгейге көтеру мақсатында бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг өтті.  Басқосуда әуелі атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Биыл жергілікті бюджеттен 160 миллион теңге бөлініп, оның 100 миллионы аймақтардағы 37 дәрігердің шетелде білім алуына жұмсалды. Тәжірибе алмасып келген мамандардан құралған мобильді топ мамыр және маусым айларында Балқаш, Райымбек және Кеген аудандарының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Жалпы 1137 науқас қабылданып, 20-дан астам күрделі ота жасалды. Емханаларға жете алмай жүрген қаншама тұрғынның дерті дер кезінде анықталып, диспансерлік бақылауға алынды. Ақхалаттылар арасында білікті психиатр, хирург, травматолог пен акушер-гинекологтар бар.


РАҚЫМ АҚМАРОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГИЯ ЖӘНЕ НЕВРОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ 
Наурыз айында біз Санкт-Петербург қаласындағы Алмазов атындағы ғылыми орталықта білім алдық. Осының арқасында біз кейін Кеген, Балқаш және Райымбек аудандарында мобильді топпен жұмыс істедік. Сондай-ақ Балқаш ауданында балаларға краниопластика бойынша мастер-класс өткіздік

ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қазір енді осы тамыз айында және қыркүйек айында осы біздің оқып, алып келген 37 дәрігеріміз енді Алматы қаласының айналасында үлкен орналасқан аудандарға барып, тура осы жұмысын жалғастырады. Негізінде осы мобильдік топтар үлкен өзінің көмегін көрсетеді. Методикалық өзінің жаңағы әдістерін және сол ауруханаларда, тағы да қосымша кеңестен басқа, басқа біздің медицина қызметкерлеріне, өздерінің әріптестеріне, аудандағыларға мастер-кластарын өткізіп, және қосымша қандай әлемде жаңалықтар бар медицина, сол бойынша бөлісіп, олардың да білімін жеткізіп отыр. Сондықтан бұл жұмыс жалғасады тағыда

Сондай-ақ оқыңыз: