Заң және тәртіп

«Ата заң, алтын адам мен еліміздің көк байрағы. Жас өрендер бақытты, бейбіт  елді осыла бейнеледі. Қарасай ауданында  оқушылардың қатысуымен «Заң және тәртіп – бала көзімен» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мақсат - жастардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, зиянды әдеттерден ада болуға тәрбиелеу. Білім басқармасы мен прокуратураның бірлескен жобасында  оқушылар сурет салып, спорттық эстафетаға қатысты. Жарыс қортындысы бойынша қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Заңды құрметтеудің маңызы мен құндылығын түсіндірудің ең тиімді жолы – жас өспірім бойында шығармашылық қабілетті» дамыту дейді ұйымдастырушылар. 


ГҮЛНАР БИҚОЖАЕВА
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ 
«Тағылымдық іс-шаралардың, заң және тәртіптің, талқы жобасы болатын болсын, дебат, өзін-өзі басқару болатын болсын бұның барлығының нәтижесі құқықбұзушылықтың, аудандық есепте тұратын балалар болады осы сандардың күрт төмендеуі осының көрсеткіші. Біздің де негізгі көрсеткішіміз  2024-2025ж 4-5 балаға дейін көтерілген болса бүгінгі таңда ол 50-60 пайызға түсіп, 1-2 баланы ғана құрап отыр»


ЕЛНҰР АМАНГЕЛДІ 
ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ 
«Оқушылардың арасында қылмыстың алдын алу мақсатында осындай іс-шараларды ұйымдастырып тұрамыз. Мысалғы айтатын болсақ спорттық жиындар өткіздік яғни, әлемге танымал спортсмен тұлғаларды әкеліп балаларға таныстырдық. Бұның барлығы заң мен тәртіп қағидатын насихаттау және балалардың бойында белгілі бір позитивті дағдыларды қалыптастыру.»

Сондай-ақ оқыңыз: