Балалар қайда демалады?

Алматы облысында жазғы сауықтыру маусымы басталғалы бір ай өтсе де, аймақтағы бірқатар лагерьлер әлі күнге дейін ресми рұқсат ала алмай жатыр. Өңірде тіркелген қырық жеті балалар лагерінің биыл тек жиырма сегізі ғана жұмыс істеуді жоспарлаған. Алайда, қазіргі уақытта Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мақұлдауын алғаны жиырма бірі ғана. Қалған демалыс орындарының құжаттары әлі де тексеріс үстінде. Кей демалыс орындары өз өтінімін кері қайтарып алса, тағы төртеуінің мәселесі қаралып жатыр. Білім басқармасының мәліметінше, биыл талап өте қатаң. Облыс бойынша 322 000 нан астам оқушыны жазғы демалыспен қамту көзделгендіктен, бақылау күшейтілген. Әсіресе, су айдындарының маңында орналасқан демалыс орындары төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, құтқару құралдарымен жабдықталуда.Құзырлы орган өкілдері тиісті рұқсаты жоқ лагерлердің бала қабылдауына құқығы жоқ екенін айтты.


БІРЖАН АЙТҚАЛИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Қазіргі уақытта облыс әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, бекітілген жоспар бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ешқандай көз жұма қарау деген болмайды. Егер лагерьдің санитарлық қорытындысы немесе өрт қауіпсіздігі сертификаты жоқ болса, олардың бала қабылдауына үзілді-кесілді тыйым салынады. Сонымен қатар, демалыс орындарының оқу-сауықтыру бағдарламалары да Оқу-ағарту министрлігімен мұқият келісілуі шарт. Әсіресе, су айдындарының маңындағы қауіпсіздікке қойылатын талаптарды орындамаған орындар маусымның соңына дейін ашылмауы мүмкін»

Сондай-ақ оқыңыз: