Конституция азаматтардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарына кепілдік береді

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қорғаудың негізгі кепілі болып табылады. Негізгі заң әрбір азаматқа еңбек етуге, білім алуға, денсаулығын сақтауға, жеке меншікке ие болуға және кәсіпкерлікпен айналысуға тең құқық береді.

Конституцияға сәйкес, әрбір азаматтың еңбек етуге, қызмет түрі мен кәсібін еркін таңдауға құқығы бар. Мемлекет қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбегі үшін кемсітусіз және әділ сыйақы төлеу қағидатын сақтауға кепілдік береді.

Негізгі заңда азаматтардың білім алу және денсаулық сақтау құқықтарына ерекше мән берілген. Мемлекет медициналық көмектің кепілдік берілген тегін көлемін ұсынуға және жалпыға бірдей қолжетімді орта білім алуға жағдай жасауға міндетті.

Конституция жеке меншік құқығын мойындайды және заңмен қорғайды. Азаматтардың заңды түрде иеленген мүлкіне қол сұғуға жол берілмейді, ал олардың мүліктік құқықтары мемлекеттік қорғауда болады.

Сонымен қатар, Конституция кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді. Әрбір азамат заң талаптарына сәйкес кәсіпкерлікпен айналысуға, өз қабілеті мен мүлкін еркін пайдалануға құқылы.

Конституцияда бекітілген бұл нормалар халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік қорғалуын күшейтуге, кәсіпкерлікті дамытуға және Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына құқықтық негіз қалыптастырады.

Сондай-ақ оқыңыз: