«Қапшағай» бекеті ашылды
Бүгін Қонаевта жаңғырудан өткен жаңа «Қапшағай» темір жол бекеті ашылды. Облыс орталығы мәртебесіне сай кешенді күрделі жөндеуден өткен нысан жолаушылар үшін енді қолайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсетпек. Түбегейлі жаңарған техникалық кешен жолаушылар ағынын еселеп, өңірдің туристік және көліктік әлеуетін арттыруға серпін береді.
Ұзақ жылдар бойы ескірген ғимарат заман талабына сай жаңа кейіпке енді. «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясының тапсырысымен станция аумағы кеңейіп, құрылыс жұмыстары 100 пайызға аяқталды. Нәтижесінде вокзалдың жалпы аумағы 503 шаршы метрге ұлғайтылды. Бұл Қонаев қаласының инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында аймақ басшылығының тікелей қолдауымен жүзеге асқан маңызды жоба.
АСХАТ БЕРДІХАНОВ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
« Баршаңызды Қонаев қаласының теміржол вокзалының жаңартылып, пайдалануға берілуімен құттықтаймын! Жоба Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы облысы әкімі Марат Елеусізұлының қолдауымен жүзеге асырылды. Нәтижесінде вокзал толық жаңартылып, инженерлік жүйелері заманауи талапқа сай
Ауқымды жобаны іске асыруға 700 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Облыс бойынша жалпы ұзындығы 496 шақырымнан асатын теміржол желісінде бүгінде Қазыбек бек, Шамалған және Жетісу станциялары да қатар жаңғыртылуда.
ДАСТАН МАРАТҰЛЫ
ТІЛШІ
«Жаңғырған мына жаңа бекет үшінші санаттағы вокзалдар типіне жатады. Бұл жерде күнделікті 80-100 адам 20 бағыт бойынша қатынайды. Оның ішінде Семей, Өскемен және де халықаралық бағыт ол да бар. Яғни, Ресейдің Новосібір қаласына да дәл осы жерден қатынауға болады. Сондай-ақ жаздың күнінде Алакөлге де осы жерден баруға болады. Негізі вокзал кішігірім болғанымен де, ішінде барлық жайлы жағдай жасалған.
АЙЖАМАЛ ЖАҚСЫЛЫҚОВА
АЛМАТЫ ТЕМІРЖОЛ БӨЛІМШЕЛЕРІ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Мына жерде платформа салынған, ұзартылған, 22 вагон, 25 вагонға дейін ұзартылған платформа ыңғайлы және де мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арнайы түсірілген пандус бар мына жерде. Иә, вокзалдың ішінде мүгедектерге арналған... бөлме бар. Ана мен бала бөлмесі бар, жолаушылардың күтіп отырғанға және де билеттік касса, сосын жол бөлімшесі бар.
Жаңғырған ғимараттан бөлек, жолаушылар перроны мен вокзал алдындағы алаң да толық жөндеуден өтіп, ретке келтірілді. Өңірімізде бұдан бөлек транзиттік әлеуетті арттыратын Жетіген - Қазыбек бек айналма теміржол желісі мен «Алтынкөл - Жетіген» учаскесін жаңғырту сияқты ірі жобалар да қатар атқарылып жатыр.