Жаңа жұмыс орны ашылды
Жауғаштыда жаңа өндірістік цех іске қосылып, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Түзету мекемесінде өндіріс орнының ашылуына бизнес өкілдері ынта білдірген. Жоба - жазасын өтеп жатқан азаматтарды еңбекке баулып, олардың қоғамға бейімделуіне мүмкіндік жасайды. Осы арқылы сотталған азаматтар тұрақты табыс тауып қана қоймай, кәсіби дағдыларын да жетілдіре алады.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қылмыстық-атқару мекемелеріне бизнес өкілдерін тартып, сотталғандарды жұмыспен қамту жөніндегі хаттамалық тапсырмасы әр өңірде іске асырылып жатыр. Бүгін Жауғақштыдағы әйелдер колониясында «Самрұқ-Қорғалжын» серіктестігі өндірістік цехы аштв. Мұнда жазасын өтеушілер компютерлердің қосалқы бөлшектерін құрастырады. Әрі бағдарламасына дейін орнатып жұмысқа әзірлеп береді.
ТАҢШОЛПАН ОРАЛБЕКҚЫЗЫ
ЦЕХ ЖҰМЫСШЫСЫ
«Менің жұмысым ең соңғы кезкте келеді. Мына блокті қараймын, қатқан ба? Қатпаған ба? Барлық кабилдерді жалғап тексеріске беремін. Жалақымыз 42500 теңге. Әр күні сағат бірге дейін жұмыс істейміз. Тыныш. Бастықтарымыз бізді сотталған деп бөлмейді. Жақсы»
Сотталғандар үшін адал еңбек – түзелудің және жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Бұл цехта жұмыс істеу үшін мекеме тұрғындары арнайы курстан өтіп, жаңа мамандық бойынша сертификат алған.
ЕЛЗАТ ҚАНАТҰЛЫ
№10 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«Бізде ең басты бағыт тігін цехтары бар, содан кейін балық өнімдерін өңдейтін зауыт бар, оған қоса темір шығаратын зауыт бар, тағы міне бүгін «Самрұқ-Қорғалжын» өндіріс цехы ашылып 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұның тиімді тұсы бәрінің өз берешектері бар. Жұмысын істеп тапқан табыспен сол берешегін жабады. Және жарты ақшасын өз азықтүліктеріне пайдаланады»
НҰРЛАН ШАЛҒЫНБАЕВ
«САМРҰҚ-ҚОРҒАЛЖЫН» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
«Осы жерде отырған адамдар біз арқылы сертификат алып жатыр. Жаңа мамандыққа баулыдық. Ертең бостандыққа шыққан кезде бізге келіп біздің компаниямен жұмыс жасаса алады. Одан кейін бұл жерде де тұрақты жұмыс болады»
Жыл басында облыс аумағындағы сотталғандарды жұмыспен қамту көрсеткіші 28 пайызды құраса, қазір бұл көрсеткіш 60 пайыздан асқан.