Өзгеріс өзегі

Бүгін 1 шілде ел тарихындағы елеулі күн. 1995 жылы қабылданған Конституцияның орнына жаңа негізгі заң  күшіне енді. Биыл республикалық референдумда мақұлданған заң жобасы 11 бөлім, 96 баптан тұрады. Тарихи құжат мемлекеттік басқару жүйесін, қоғамның даму бағытын түбегейлі өзгертпек. Халық қолдаған Конституцияның мән-мазмұны туралы  толығырақ тілшіміз тарқатсын.


Бұған дейін қолданыста болған конституцияның 77 бабы өзгертілді. Осылайша ата заңның 84 пайызы қайта жаңарды. Құжатқа «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім қосылды. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерді. Елдің идеологиялық бағыты мен құқықтық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған жаңа заң негізінде қос палаталы парламент ыдырап, бір палаталы құрылтай құрылмақ. Бұдан бөлек халық кеңесі мен  вице-президент қызметі пайда болды. Бұдан бөлек тіл мәселесіне де ерекше мән  берілді.

БЕКНҰР КИСИКОВ ЭКОНОМИСТ
«Ең бірінші өзгеріс – тіл мәселесі. Бұрын ресми тіл ретінде тек орыс тілі қолданылды. Қазір қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Сонымен бірге басқа тілдерге де құрмет көрсетіледі. Экономикада да көп өзгерістер бар. Егер мемлекет біреуге қатты зиян тигізсе, сол азаматтың өтемақы (компенсация) алуына мүмкіндік бар. Сайлау жүйесінде де көп өзгерістер бар. Бесінші – Экология кодексі. Әлеуметтік жағынан да көптеген өзгерістер бар. Менің айтқым келгені – осы салалардың барлығында елеулі өзгерістер жүзеге асырылды.»

Теңдіктің темірқазығы саналатын ата заңда адам құндылығы ерекше айқындалып, өмірі мен құқығы, бостандығы мен еркіндігі елдің ең жоғарғы құндылығы деп бекітілді. Бұның дәлелі алғаш рет конституцияда адвокат мәртебесінің белгіленуі. Жалпы жобада білім мен мәдениетке, ғылым мен инновацияға ерекше көңіл бөлінген дейді сарапшылар.

УӘЛИХАН АХАТОВ
 ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
«Ең біріншісі жаңағы ғылым білімге көңіл бөлу, біздің еліміз білімді болса, ғылымды өркендетсе, соның ішіндегі жаңағы инновациялық технологиялар, цифрланған технологиялар осыны әлемдік деңгейде өркендету біздің болашақ Қазақ елінің, Қазақстан Республикасының өркендеуіне өте үлкен үлесін қосады деп мен сенемін.»

Құжаттағы отбасы, неке сынды дәстүрлі құндылықтардан бастап тегін медициналық көмекке дейінгі маңызды мәселелерге қатысты тұрғындар пікірін біз де сұрап көрдік.

БЛИЦ:
«Таныстым, вице-президент болады деген ұнады маған.»
«21 ғасырда барлығы өзгереді, адамның көзқарасы да өзгереді. Политикалық жағдайға қарағанда да барлығы өзгеріске ұшырайды сондықтан дұрыс деп санаймын. Қазіргі таңда барлық жерде жасанды интеллект қолданылады сондықтан да өте дұрыс.»
«Заманға сай өзгеріп отырғаны дұрыс. Әр елдің саясатына қарай, жағдайына қарай өзгеріп отыру керек»

Ата заңда адам құқықтарына қатысты жаңа нормалар да назардан тыс қалмады. Әсіресе, цифрлық құқықтар, қоршаған ортаны қорғау және басқа да конституциялық кепілдіктер нақтыланды.

Сондай-ақ оқыңыз: