Тең мүмкіндік

Жаңа Конституция көру қабілеті нашар азаматтарға қолжетімді болады. Брайль қарпімен басылып шыққан елдің негізгі заңының тұсаукесері Алматыдағы Ұлттық кітапханада өтті. Арнайы басылған құжатты мамандар 1 ай әзірлеген. Әзірге ата заңның қазақ және орыс тіліндегі 400 данасы басылды.  Алдағы уаықтта ,тиражы артатын құжат басылымы кітапханаларға,  мамандандырылған оқу орындарымен қоғамдық ұйымдарға таратылады. "Жоба зағип және нашар көретін азаматтардың құқықтық ақпаратқа тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз етеді" дейді жауаптылар."


РОЛЛАН ҚҰСПАН
ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНЕ ҚАРАСТЫ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«... Сол брайль қарпінде шығару деген сөз бұл қарапайым кітапты басудан кішкене ерекшелеу. Бұны көбіміз біле бермейміз, бұл бір дана кітаптың өзі ұзақ уақытты алатын процесс, сондықтан біз әлі шығару процесіндеміз және шығарған тираждарды таратып отырамыз.»


КЕНЖЕҒҰЛ СЕЙТЖАН 
ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ 
«Мына брайль тілін дәріптеу, мына көз жанары мүгедектігі бар азаматтарға ақпаратты беруде және тек қана көз жанары ғана емес барлық азаматтарға кез келген қандай жағдайда болмасын ақпаратты дұрыстап жеткізу сол кісілердің оқи алатын деңгейінде жаңағы біздің ата заңының ең маңызды заңымызды соларға оқуға мүмкіндік беруі өте керемет деп есептеймін»

Сондай-ақ оқыңыз: