8 отбасы үйсіз қалды

Талғар ауданы, Белбұлақ ауылында үйлері өртенген 8 отбасы  баспанасыз қалды.  

Бір шаңырақ астында тұрған жандардың жағдайынан жергілікті әкімдік хабардар. Алайда мемлекеттік сараптама шықпайынша үкіметтен үй береді деп үміттену ерте көрінеді.  Ал қазір зардап шеккендер  қайда тұрып жатыр?  Оқиғаның мән-жайын тілшіміз тарқатады.

АҚЖАН АНАПИЯ 
ТІЛШІ
Үй иелерінің айтуынша, ағаш мына шатырдың үстіне құлап, дауылдан түтіннің өзін көру мүмкін болмаған.  Ал қазір үйдің жәй осындай, сау тамтығы жоқ. Бір сәтте сегіз отбасының барар жері, басар тауы қалмады.

Тұрғындардың айтуынша, құтқарушылар оқиға орнына тек 40 минуттан кейін жеткен. Алайда сол уақытта өрт үйді толық шарпып, жалын әп-сәтте баспананы күлге айналдырған. Өрттен зардап шеккендердің бірі - көпбалалы ана Ирина Санарова. Әкімдік баспанасыз қалған сегіз отбасының әрқайсысына уақытша тұратын үй ұсынған. Дегенмен барлығы бұл көмектен бас тартқан. Ал ауыл мектебінде арнайы штаб құрылып, зардап шеккен отбасыларға материалдық жәрдем жасалды. Қазір Ирина отбасымен достарының үйін уақытша паналап жүр.


ИРИНА САНАРОВА 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
Менің төрт балам бар. Біз отбасымызбен осында он бес жылдан бері тұрдық. Біздің жалғыз баспанамыз болатын. Бәріне көмек көрсетілсе деймін. Себебі сараптама нәтижесі алты айға созылуы мүмкін деп жатыр. Өрттің түнде немесе қыс мезгілінде орын алмағанына шүкір етемін.

ЕРКІНБЕК ӘБІРОВ 
БЕЛБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ 
Ауылдағы қонақүймен сөйлесіп, сол кісілерді сол жерге жатқыздық бала-шағасымен. Қалған отбасылар демде,ссол кезден бастап бас тартты. СКЛ. Мәселенің толық анық қанығы үймен қамтылады немсе соны қайта қалпына келтіріп, шешу мәселесі сараптама қорытындысына сәйкес болады.

Өрт сөндіру бекеті Талғар қаласында орналасқан. Мамандар оқиға орнына кеш барғандарын осылай түсіндірді.


ЖАСҰЛАН НҮСІПОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ  
Өрт туралы 101 ге хабрламаның кеш түсуіне байланысты алғашқы құтқару оқиға орнына өрт жалпы ауданы шамамен 500 шаршы метрді құрайтын сегіз пәтерді толық шарпыған. Өрттің қарқынды таралуына қатты жел сондай ақ ғимараттың қамыс, қамқалы кірпіштен салынған құрылымдық ерекшеліктері әсер етті.



Сондай-ақ оқыңыз: