Сел салдары
Түргенсайда жағдай тұрақты.
Нөсер жауыннан кейін Түрген өзенінің су деңгейі күрт көтеріліп, Түрген–Ассы автожолын шайып кеткен еді. Қауіпсіздік мақсатында демалыс аймағынан 66 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Сел қаупі бар аймақ тұрақы бақылауда, қалпына келтіру жұмыстары басталды. Апат салдарын жоюға төтенше жағдай қызметі, жергілікті әкімдік пен өзге де қызметтер жұмылдырылды. Сондай-ақ Қарасай ауданындағы «Ақсай карьері» аумағында Ақсай өзенінің жағалауын су шайып, карьердің солтүстік-батыс бөлігінде топырақ сырғыды. Жар жағасындағы 9 жеке үйдің тұрғындары уақытша көшірілді. Қазір инженерлік жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған 19 маман мен 14 техника тартылған. Осы жағдайға байланысты Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Алматы облысының өзге аудандарындағы жағдай тұрақты.
АҚТОТЫ ДАУКЕНОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АҒА ИНЖЕНЕРІ
Қазіргі уақытта инженерлік техниканың көмегімен Ақсай өзенінің арнасын тереңдету,кеңйту және шайылған учаскелердің кіреберіс жолын салу жұмысы жалғасуда. Сондай ақ қауіпті учаскені нығаут мақсатында инертті материалдар төселуде