Әйелдерді қолдау керек

Алматы облысында қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көрсетіліп жатқан көмек түрлері сараланды.

Жиынды Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырды. Мәселен,  Іле ауданында  жыл басынан бері 675 адам қолдау сұрап өтініш білдірген. Оларға жәрдемақы ресімдеу, психологтар мен заңгерлердің кеңесін алу бойынша  әлеуметтік әрі медициналық  көмек көрсетілді. Ал Қарасай ауданындағы Отбасын қолдау орталығы арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмысымен  екі мыңнан астам тұрғын қамтылды. 


РАУШАН АЛПЫСБАЕВА
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Алматы облысы бойынша 9 ауданда, 2 қалада отбасын қолдау орталықтары ашылды. Олар алдын алу дегенде, сол аудандарда алдын ала жұмыс істеудің нәтижесі бүгінгі күні біз өзіміз облыстық орталық ретінде көріп отырмыз. Біздің облыстық орталықта бүгінгі күні 8 отбасы жатыр, оның ішінде бала.

Сонымен қатар отырыста әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселесі де сөз болды. Бүгінде өңірде 130 мыңнан астам кәсіпкер жұмыс істеп жатса, оның жартысынан астамы әйелдер басқаратын бизнес. Соңғы жылда бұл салада жұмыс орындарының саны артып, салық түсімі мен өндіріс көлемі өскен. Өткен жылы  облыста  мемлекет тарапынан 1,5 мыңнан астам бизнес-жоба қолдау тапты. 


ЖАННА КЫРҒЫЗӘЛІҚЫЗЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы әйел кәсіпкерлер болсын, басқа да кәсіпкерлер болсын бөлмейміз. Барлық кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсетеміз. Ол кісілерге қызмет түрлері: жаңағы маркетингтік қызметтер, салықтағы есептерін беру және статотчеттарын беру және де ол кісілерге кеңес беру арқылы»

Сондай-ақ оқыңыз: