Журналистерге құрмет

Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы  журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Бас консул Су Фанцю Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы қарқынды дамып жатқанын айтып, бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдарының да елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. "Журналистер халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуда маңызды рөл атқарады” деді консул. 


СУ ФАНЦЮ
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ  БАС КОНСУЛЫ
« Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы Мәдениет жылы жарияланды. Осы бастама аясында қос елде концерттер, көрмелер, бірлескен археологиялық зерттеулер мен өнерге арналған семинарлар ұйымдастырылды. Алдағы уақытта да Алматы облысымен мәдениет, туризм, білім беру және жастар алмасуы салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз» 

Сондай-ақ оқыңыз: