Тұрғылықты жеріңіз бойынша дауыс бере алмайсыз ба? Есептен шығару куәлігін алыңыз!

Егер сайлау күні тұрғылықты жеріңізде болмайтын болсаңыз, 2026 жылғы 7 тамыздан бастап жазбаша өтініш пен жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсыну арқылы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға болады. Куәлікті жеке өзіңіз немесе сенімхат бойынша өкіл арқылы алуға болады. Сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Дауыс беру күні болатын жеріңіздегі сайлау учаскесінде есептен шығару куәлігі мен жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсету қажет. Маңызды: есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді. Куәліктерді беру 2026 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де тоқтатылады. Жаңару үшін дауыс бер!

Сондай-ақ оқыңыз: