Жастар жобасы
Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынас жастар саясаты бағытында да қарқын алып келеді. Осы мақсатта Алматы облыстық жастар ресурстық орталығына Шанхай қаласынан арнайы келген делегация келді. Басқосуда жастарды жұмыспен қамту мен ортақ жобаларды іске асыру мәселіс айтылды.Тараптар «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ниетті екенін жеткізді.
Аспан асты елінен келген делегацияның бұл сапары – достық қарым-қатынасты бекемдеп, жастар арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастама. Басқосуда екі ел жастарының өзара байланысын нығайтып, тәжірибе алмасу көкжиегін кеңейту, волонтерлік қозғалысты дамыту және ортақ әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жайы сөз болды. Тараптар алдағы уақытта өзара ықпалдастықты арттырып, жаңа бастамаларды бірлесе қолға алуға ниетті екендерін жеткізді.
Ю ВЭЙ
ШАНХАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ
« Бұл кездесу – жыл басында Шанхай қаласының әкімінің Алматыға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің заңды жалғасы. Сол кезде тараптар ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойған еді. Енді сол уағдаластықтарды нақты жобалар арқылы жүзеге асыру үшін әлеуметтік жұмыс пен волонтерлік бағыттағы тәжірибе алмасуға басымдық беріліп отыр»
Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс бағытындағы тәжірибесі де таныстырылды. Әсіресе волонтерлік қозғалысты дамыту, ауыл жастарын қолдау және жастардың әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бағытындағы жобалар қытайлық делегацияның қызығушылығын тудырды. Өткен жылы Алматы облысы волонтерлік бағыт бойынша үздік өңір атанып, орталықтың 15-тен астам белсенді жасы мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі марапаттарға ие болған.
МАҚСАТ КЕНЕШОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Ауыл жастарымен кеңінен жұмысты жүргізу, олардың жаңағыдай жастарды жұмыспен қамту, сонымен қатар нит санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша үлкен жұмыстар бойынша айтылып өткен болатын, сол бойынша, жаңағы келген делегация мүшелері осы бағытқа қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ жаңағы бизнес, әлеуметтік басқа да жаңағыдай көмектер бойынша қандай да бір жаңағыдай жастарға арналған мүмкіндіктер бар екендігін жаңағыдай айтып өткен болатынбыз. Сол бойынша да олар қызығушылық танытып отыр»
Айта кетейік, бұл – екі тарап арасындағы алғашқы кездесу емес. Бұған дейін Алматы облысының жастары Қытайда болып, тәжірибе алмасқан. Енді Шанхай делегациясының бұл сапары өзара байланысты жаңа деңгейге көтеріп, жастарға арналған халықаралық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға негіз болмақ.