Қапырық
Елімізде аптап ыстық орнады. Әсіресе, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде, Алматы қаласы мен облысында ауа температурасы жоғарылады. Кейбір аймақтарда термометр бағаны 46 градусқа дейін көтерілді.Мұндай ыстық адам денсаулығына кері әсер етіп, жедел жәрдем шақыратындардың санын арттыруы мүмкін. Синоптиктердің айтуынша, аптап ыстыққа Иран жақтан келген құрғақ әрі ыстық ауа себеп болып отыр. Дәрігерлер тұрғындарға күн астында ұзақ жүрмеуге, көбірек су ішуге кеңес береді.
ДӘУЛЕТ КІСЕБАЕВ
“ҚАЗГИДРОМЕТ” РМК МАМАНЫ
Аударма “Қазіргі уақытта ыстық ауа Таяу Шығыстан келіп тұр.Соның әсерінен ауа температурасы жоғарылап жатыр. Соңғы тәуліктерде Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы 44 градусқа дейін көтерілді.