Егінжай көлемі
Биыл Алматы облысында жалпы 440 мың гектарға жуық жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның 223 мың гектары – суармалы алқаптар. Қазір өңірде егін орағы кезең-кезеңімен басталып, бес жарым мың гектар жердегі күздік арпа мен бидай жиналып жатыр. Мамандардың айтуынша, биылғы ыстыққа қарамастан, егіннің жай-күйі тұрақты. Бұған суармалы жүйенің тиімді ұйымдастырылуы мен шаруалардың агротехнологияларды дұрыс қолдануы әсер еткен. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде су тапшылығы әзірге сезілмейді.
ДИМАШ СЫДЫҚОВ
АЛАМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қауіпті аймақ қазіргі таңда жоқ облыста. Қазіргі таңда өнімділік бізде осы көктемгі дала жұмыстарын жүргізгенде бүкіл біздің тауар өндірушілер ауыл шаруашылығы технологиясын қолданып бұл бірден-бір себебі бұл жаңағы минералды тыңайтқыштарды уақытында сеуіп, содан кейін суларын уақытылы алып сол себепті қазіргі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ондай қауіп-қатер жоқ.