Жаңа көпір болады

Түрген өзені үстіндегі апатты көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған көпір 2024 жылы техникалық сараптама қортындысы бойынша апатты деп танылып, көлік қатынасы шектелген еді. Биыл шілде айында жағдай тіпті қиындап, нөсер жауын салдарынан су деңгейі көріліп, маңайын су шайып кеткен.  Жаңа көпірдің беріктігі қандай болмақ және құрылыс жұмыстары қашан аяқталады? Толығырақ тілшіміз тарқатсын. 


Облыстық маңызы бар автожолдың 54-шақырымында орналасқан апатты көпірді қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандардың сөзінше мұнда бұған дейін кәдімгі көпір емес, су өткізгіш құбыр өткел болған. Тасқын кезінде ол су көлемін өткізе алмай, салдарынан құрылымы бұзылған. Әзірге тұрғындар айналма жолдармен жүруге мәжбүр. 

НҰРДӘУЛЕТ АСҚАРОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«2 жылдан бері тұрғындар Жоғарғы Талғар тас жолы, Төменгі Құлжа тас жолы және Қорғас автожолы арқылы айналып қатынап жүр. Айналма жолмен жүру шамамен 20–25 минутқа жейін жолды ұзартады. Көпірдің жалпы ұзындығы 60 метр. Демонтаж жұмыстары бір апта ішінде аяқталса. Одан кейін жаңа көпірдің конструкцияларын орнату жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр.»

Жаңа көпірдің құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жоба аясында көпір толық жаңартылып, оның қауіпсіздігі мен беріктігі күшейтіледі. Әсіресе табиғи қауіптерге, оның ішінде су тасқынына төтеп бере алуына ерекше мән берілуде дейді мамандар.

ТАЛҒАТ ӘБДИЕВ
МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ БАСШЫСЫ
«Жаңа көпір екі аралықты болып салынады. Оның ені кеңейтіледі. Негізі бұрғылап орнатылатын қадаларға тіреледі. Сондықтан көпір су тасқыны кезінде су қысымына төтеп бере алады.»

Мердігер ұйым заманауи көпір құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Жаңа нысан аталған жол учаскесінде көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Сондай-ақ оқыңыз: