Жол сапасы
Алматы облысындағы республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды. Биыл 376 шақырым автомобиль жолы жөнделеді. Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұған 22 миллиард. теңге бөлінген.Мамандар соңғы технологияны қолданып, ескі асфальтты қайта өңдеу арқылы жолдың негізін күшейтуде. Бұл әдіс, жолдың беріктігін арттырып, қызмет ету мерзімін ұзартады. Мамандардың айтуынша, ауқымды жөндеу жұмыстары жол сапасын жақсартып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және өңірдің көлік-транзиттік әлеуетін нығайтады.
ЖАНАТ ӨТЕПБЕРГЕНОВ
«КАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ АҚ ФИЛИАЛ БАСШЫСЫ
«Бізде қайта құрылымдау жұмыстары аяқталған болатын Алматы облысы бойынша қайта құрылымдау жұмыстары аяқталды толығымен. Биылғы жылы жазда Күрті-Қапшағай қайта құрылымдау учаскесі 67 шақырымды құрайтын ол толғымен аяқталып, пайдалануға беріледі»