Мигранттар мәселесі өзекті

 Алматы облысында жасанды интеллект технологияларының көмегімен көші-қон саласындағы бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Прокуратура әзірлеген «Dala-Cloud» ақпараттық-талдау жүйесі 159 мыңнан астам шетел азаматы мен 30 мыңнан аса әкімшілік материалды саралап, заң талаптарының сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды дұрыс сараламаудың 287 дерегі, жұмыс берушілерге қатысты шара қолданылмаған 61 жағдай, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 11 фактісі, сондай-ақ сот шешімдерінің орындалмауы мен шетел азаматтарын заңсыз тіркеудің бірнеше дерегі анықталды. Мәселе Алматы облысы прокуратурасының үйлестіру кеңесінде қаралып, көші-қон заңнамасын сақтауда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің тиімділігі атап өтілді.


САЛАУДИ ХАЗАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
Біз «Дала Клауд» сараптамалалық платформасын әзірледік. Бұл жүйе прокурордың жұмысын жеңілдетеді. Мысалы, бұрын материалдарды  сараптауға бір апта кетсе, бүгінде ол жұмысты бірнеше минутта орындауға болады. Нәтижесінде заң бұзу деректерін жедел анықтауға мүмкіндік туды

Сондай-ақ оқыңыз: