Цифрлық келешек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Шанхай қаласында өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясында баяндама жасады.  

Президент өз сөзінде Қытайдың жасанды интеллект саласындағы көшбасшы елдердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ «Барша адамзат игілігіне қызмет ететін жасанды интеллект» тұжырымдамасын қолдап, технологиялық прогресс халықаралық ынтымақтастыққа негізделуі тиіс деді. Тоқаев жасанды интеллект  экономика мен жаһандық дамудың басты қозғаушы күшіне айналып келе жатқанын айтты. Және оны тиімді басқару бейбітшілік пен тұрақты дамуға қызмет етуі қажет деді. Жалпы әлемде бұл салаға салынып жатқан инвестиция көлемі артып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз: