Заң және тәртіп
Еңбекшіқазақ ауданында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысы күшейтілді. Жыл басынан бері ауданда жастардың қатысуымен 13 қылмыстық оқиға тіркелген. Оның басым бөлігін төбелес пен ұрлық әрекеті. Сонымен қатар ауданда интернет-алаяқтық, жол-көлік оқиғалары және мал ұрлығы фактілері де жиілеген. Осыған байланысты аудан прокуратурасы мен полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Арнайы құрылған мобильді топ 3 мыңнан астам жасөспірімнің тұрғылықты жеріне барып, тұрмыс жағдайымен танысты. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесулер мен дәрістер ұйымдастырылды.
ЕРБОЛАТ САРАБЕКОВ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«18 мың оқушыдан психологиялық тест алдық. Оның әрқайсысының тестін зерделеу барысында қандай оқушы, қандай булингке немесе психологиялық тұрғыда өздерінің кластастары немесе сқастарында жүрген достары қысым көрсете ме, көрсетпей пе сол мәселелерді нақтылап тексеру барысында осындай тестілер арқылы жүргізіледі»