Жол мұраты
Жол кеңейеді, кептеліс жойылады. «Алматы – Бішкек» автомобиль жолының Үлкен Алматы айналма жолынан Қаскелең жолайрығына дейінгі 8 шақырым аралығын 8 жолаққа дейін кеңейту жұмыстары басталды. Айтулы жоба Алматы агломерациясын дамыту мен облыстың транзиттік әлеуетін арттыруға тың серпін бермек. Тақырыпты кеңірек тілшіміз толықтырады.
Алып шаһарға кіріп шығатын әсіресе Қарасай мен Жамбыл ауданы тұрғындары Іргелі іргесіндегі 19 шақырымның кептелісінен қажығалы қашан. Сабақты ине сәтімен деген. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бүгін республикалық маңызы бар «Алматы – Қаскелең» автомобиль жолының 19 бен 27 шақырым учаскесін кеңейту бойынша күрделі жөндеу жобасын іске асыруға кірісті. Енді жол 8 жолаққа дейін кеңейтіледі.
ДАРХАН ИМАНАШЕВ
«ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
«Бүгіннен бастап президент тапсырмасына сәйкес, осы нысанда жұмыстарды толық бастадық. Мұнда біз жолды 4 жолақтан 8 жолаққа дейін кеңейтеміз. Сонымен қатар екі жол айрық салынады. Оған қоса 9 дана жаяу өткел жасалады. Жоспар бойынша жер мәселесі бәрі дұрыс шешіліп жатса келсі жылдың соңына дейін қозғалысты толық ашуға жоспарымыз бар»
Аталған жоба Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылды. Басты мақсат - ең қарқынды қозғалысқа ие күре жол әлеуетін көтеру сондай ақ жолаушыларға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай тудыру. Бүгінде мердігер анықталған. Жалпы жоба құны 33 милиярд 9 милион теңгені құрайды. Ал жол бойындағы жер учаскелерін сатып алу бойынша Алматы облысы әкімдігі қарқынды жұмыс атқаруда.
БАҚЫТНҰР БАҚЫТҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Жобаны іске асыру үшін алдын ала бағалауға сәйкес 100-ге жуық жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою жоспарлануда. Қазіргі уақытта жауапты мемлекеттік органдар жер учаскелерінің тізбесін нақтылау, қажетті экспликацияны дайындау рәсімдерін жүргізуде. Жер учаскелерінің нақты тізімі дайын болғаннан кейін қаржыландыру мәселесін республикалық бюджеттен қарастыру үшін көлік министрлігіне ұсынылады»
Қаз автожолдықтардың айтуынша жұмыс келесі жылдың соңына дейін жалғасады. Құрлыс қашан толық аяқталғанша жүргіншілерге тар жерде кедергі көп болары анық. Десе де жауапты компания өкілдері көлік жүргізушілерін осы бастан сабырға шақырып отыр. Басты мақсатымыз кептелістің дәуірін келмеске кетіру дейді.
ЖАНАТ ӨТЕПБЕРГЕНОВ
«ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Біздің бірінші мақсатымыз осы кептелісті азайту. Сол себепті біз енді жұмыс барысында кейбір ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Сол себепті жол пайдаланушылардан бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Біз бар күшімізді салып жобаны уақтылы аяқтауға тырысамыз»
ҚҰРМАНЖАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
ТІЛШІ
«Күрделі жөндеуге беріліп кеңейтілгелі тұрған 8 шақырымдық осы жол бөлігіндегі тәуліктік көлік қозғалысы 70 мыңнан асады. Жоспарға сай келесі жыл соңына дейін 8 жолақты жол құрлысы толықтай аяқталса бұл көрсеткіш екі есеге артады деп жоспарланып отыр»