Өрт өшті

Еңбекшіқазақ ауданының, Бақтиярсай шатқалында шыққан өрт оқшауланды. Тілсіз жау шамамен төрт гектар құрғақ шөпті шарпыған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің тез таралуына аптап ыстық пен қатты жел себеп болған. Өртті сөндіруге бас-аяғы 70 құтқарушы, 15 техника мен Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды. Авиация жалпы көлемі 50 тоннадан асатын суды 17 рет әуеден төкті. Қазіргі уақытта өрт оқшауланып, өшірілді. 

Сондай-ақ оқыңыз: