Заң үстемдігі

Есік қаласында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге арналған аудандық кеңес отырысы өтті. Жиын барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі  өзекті мәселелер талқыланды.Толығырақ тілшіміз тарқатсын. 


Кездесуде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары шығарылды. Жиында бірқатар қылмыс түрлері бойынша өсімнің байқалғаны айтылып,  интернет-алаяқтық, бопсалау, жол-көлік оқиғалары мен мал ұрлығының алдын алу шараларын күшейту қажеттігі айтылды. 


БАУЫРЖАН ҚЫБЫРАЕВ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ 
«Бұл жерде біз жергілікті атқарушы органмен, және полици басқармасымен бірлесіп үлкен ауқымды жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінгі таңда облыс прокуратурасы тарапынан «Бақытты балалық шақ» деген өзіміздің жол картамыз бар. Ол  бойынша арнайы мобильді топтар құрылыпы, қиын жағдайға түскен жасөспірімдермен , болмаса қылмыс  жасап қойған жасөспірімдермен кездесіп, оларға тәлім тәрбие беріп, болашақта қылмыс жасамауға жол бермеу мәселесін көтеріп, жұмыс жасап жатырмыз ауқымды» 48:41 

Сонымен қатар. алаяқтардың құрбаны болмау жөніндегі мәселелер де талқыға түсті. Әсіресе,  СМС код сұрау, инвестиция, несие рәсімдеу сынды әлеуемттік желден келетін түрлі күмәнд ақпаратқа абай қажет деп ескертті тәртіп сақшылары. 

ӘДІЛ МҰҚАШЕВ
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ  ОРЫНБАСАРЫ
“Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданы аумағында интернет алаяқтары күнделікті тіркеледі. Біздің тарапымыздан, полиция қызметкерлері тарапынан күнделікті ауылдық округтарының чаттарына белсенді таратылудамыз. Сонымен қатар, участкелік полиция инспекторлары ауыл ауылдарда жиын өткізіп, халыққа күнделікті алаяқтың алдын алу мақсатында жасалған жұмыстарымызды ұдайы атқарып отырамыз.

Осындай ауқымды жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып, нақты нәтижеге қол жеткізу қажет. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтар санын одан әрі төмендету – басты міндет екені атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыз: