Сайлауға дайындық
Алматы облысында 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық қарқынды жүргізілуде. Саяси науқан аясында сайлау комиссияларының мүшелеріне, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылуда. Облыс бойынша дауыс беру 683 сайлау учаскесінде өтеді. Онда 4 727 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі қызмет атқарады. Қатысушыларға сайлау заңнамасы, сайлауалды үгіт-насихат жүргізу тәртібі және заң талаптарын сақтаудың маңызы түсіндірілді.
МЕЙРАМГҮЛ АЙТОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Қазір облыстық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларының мүшелерін ғана емес, сайлау үдерісіне қатысатын барлық тарапты, атап айтқанда саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін оқыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Онда сайлау заңнамасына енгізілген жаңашылдықтар, сайлауалды үгіт-насихатты ұйымдастыру және өткізу тәртібі, сондай-ақ заң талаптарын бұзған жағдайда қолданылатын жауапкершілік шаралары жан-жақты түсіндірілд»