Жөндеу жұмыстары
“Алматы – Көкпек – Қорғас” бағытындағы республикалық маңызы бар автожолын жаңарут жұмысы қарқынды. Былтыр жолдың кейбір учаскелерінде орташа жөндеу аяқталған. Ал биыл жолға асфальт төсеу жұмысы, қайта басталды.
Нысанда жол төсемін жаңарту, жиегін нығайту жұмысы атқарылып жатыр. Құрылыс алаңында жиырмадан астам арнайы техника бар. Тегеурінді техниканы тізгіндеген мамамандар күннің ыстығына қарамай жауапты міндетті ойдағытай істеп жатыр. Жобаны мердігер мекеме – «Балқаш жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады.
МЕЙІРБЕК ӘБДІЛДАХАНҰЛЫ
БАҚЫЛАУШЫ ИНЖЕНЕР
«Республикалық маңызы бар автомобиль жол құрылысының А2 автомобиль жол құрылысының 230 және 272 шақырымда тұрмыз. Бұл жол құрылысы Алматы Хоргос Көктал және Қайнар арқылы өтетін автомобиль жол құрылысы. Бүгінгі таңда бұнда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жоғарғы қабат ұсақ түйіршікі асфальт жабындысын салу жұмыстары жасалып жатыр. Ені 9 метр қалыңдығы 5 сантиметрді құрайды»
Жол құрылысында қолданылатын барлық материалдар арнайы зертханалық тексеруден өткізіліп, жұмыстың әр кезеңіне техникалық қадағалау жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған бағыттағы көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығы артып, жолдың қызмет ету мерзімі ұзармақ.
ТАИРЖАН ГИДЗАЕВ
АУДАН ТҰРҒЫНЫ
«Мен өзі осы ауылдың тұрғыны Тасқарасу ауылдың осы ауданның тұрғынымын. Енді мынау жол жасалғанның конечно енді бізге өте өте қуаныштымыз. Енді бұрыңғы жолдар қандай болатын енді Тасқарасу-Шарын даже осы 25 километр жүргеннің өзі хадовкалар біраз шашылып кетед, машиналар постоянно ремонтта. Енді шүкір бір слой емес қазір даже технология бойынша екі слой болып жатыр. Өте қуаныштымыз, ризамыз»
Республикалық автожолды жаңарту өңірдегі көлік қатынасын жақсартады. Сондай-ақ Қытаймен шекара арқылы өтетін жүк тасымалының жылдам әрі тиімді жүруіне мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, ыстық су аймақтарына демалуға баратын тұрғындар мен туристер үшін жол жүру әлдеқайда ыңғайлы болады.