Агросектор
Шеңгелді алқабында агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келеді. Биыл жергілікті шаруалар егіс жұмыстарына заманауи техникалармен кірісті. Олар «Кең дала-2» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізген.Өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу де жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда тамшылатып суаратын қондырғылар көмегімен атқарылатын жұмыс үш мың гектар жер астам егістікті қамтиды. “Бұл технологиялар суды үнемдеп, егіннің өнімділігін арттырады” дейді маммандар.
АСҚАР ИБРАГИМОВ
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Бүгінде Шеңгелді алқабында 120 шаруа қожалығы мен 20 заңды тұлға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. Биыл өңірде 13 мың гектар алқаптың өнімін жинау жоспарланып отыр. Оның басым бөлігін мал азықтық дақылдар, дәнді дақылдар және дәндік жүгері құрайды»