Сарқылмас саяхат
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туристерге қолайлы жағдай жасау жұмысы жалғасып жатыр. Соның бірі – «Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары» бағытына жаңа бақылау-өткізу пунктінің салынуы. Жоба іске асқаннан кейін саяхатшылар еселенеді деген жоспар бар. Жоба экологиялық туризмді дамыту және парк инфрақұрылымын жақсарту мақсатында іске асырылып отыр. Жаңа бақылау-өткізу пункті келушілерді жылдам қабылдауға, қауіпсіздікті күшейтуге және туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға көмектеседі. Туристердің жолын жеңілдету үшін жол төрт жолаққа дейін кеңейтілмек. Сонымен қатар, «Темірлік – Кіші каньон» бағытына электр желісі тартылады.
ҚҰТЛЫҚЖАН ЮНУСОВ
ШАРЫН ҰЛТТЫҚ ПАРКІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бақылау өткізу пункті негізгі салыну мақсаты мына тура осы Шарын мемлекеттік ұлттық паркінің Шарын шатқалына келетін туристтердің аумаққа кіруін ыңғайластыру, яғни өткізу қабілетін жоғарлату, одан кейін осы жердегі парк қызметкерлерінің қызмет атқару, жұмыс атқаруына жағдай жасау»