Әкім сапары

Бүгін облыс әкімі өңірдегі бірнеше проблемалық нысандарды аралады. Әкімнің назарына құрылысы созылған білім ошақтары, су шайған көпір мен ауыз су тарту жұмыстары ілікті. Өзекті мәселелердің түйіні Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында тарқатылмақ. Толығырақ келесі сюжетте.


Марат Сұлтанғазиев ат басын бұрған алғашқы нысан Талғар ауданы, Нұра ауылындағы мектеп. 2023 жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін бітпей тұр. Сапасыз қызметі үшін бірінші мердігер сотқа беріліп, істі екінші компания қолға алған. Алайда, жөндеу сапасы өте төмен. Әкім нысанды аралап, жұмыс қарқынын дереу үдетуді жүктеді. Осы аудандағы Белбұлақ ауылының мектебі де бақылауға алынды. Жарты ғасырдан бері алғаш рет жөндеу көріп жатқан білім ошағын бүге-шүгесіне дейін аралаған әкім, мектеп аумағын тиімді пайдалануды айтты. Жаңа оқу жылына бір-ақ ай уақыт қалғандықтан, құрылысты тездетіп бітіруді тапсырды.


АЙНАГҮЛ ҮШКЕМПІРОВА 
ТАЛҒАР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Балалар бұған дейін, бірінші жылы 23-те басталғанда, біз балаларды Туғанбайға тасып оқыттық. Одан кейін ата-аналар қарсымыз дегеннен кейін, мектеп... осы ауылда әкімдіктің зданиясы бар, ДК бар, жанында бос тұрған здания болған, сол мекемені алып, бастауыш сыныпты оқыттық. Біз биылғы жылға осы мектепке кіреміз деп, қазір сондай жұмыстарды атқарып жатырмыз.

Инфрақұрылымды дамыту бағытында да ауқымды жұмыс басталады. Өңірдегі сегіз елді мекенді сапалы ауыз сумен қамту үшін жалпы ұзындығы 185 шақырым болатын су құбыры тартылмақ. Жоба аясында Көктөбе мен Төле би ауылдарындағы су жүйесі қайта салынып, жаңғыртымақ. Онда екі су резервуары мен сорғы станциясы бой көтереді. Өзге ауылдарда тағы 6 жоба іске асырылып, мыңдаған аула таза суға қол жеткізеді. Ең үлкен қаржы Балтабай ауылына бағытталған, мұнда 30 шақырым құбыр жүргізілмек.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ 
« Халықты әкеп көрсетіңдер, мынадай-мынадай магистральный көшелерде бітті жұмыс. Әрқайсысына қосылуға мүмкіндік бар деп...

Бұдан бөлек, әкім Ақтас ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына барды. Жақында ғана өрт шығып, маңайды қою түтін басқан аймақта бықсу әлі толық басылмаған. Мұндағы қоқыс өңдеу зауытының жұмысын сынға алған әкім, қоқыс сұрыптайтын зауытты тездетіп іске қосуды тапсырды.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ 
«Қанша арада мына проектіні бересіздер? — Екі айда береміз. — Екі ай көп. Екі ай, қазір как раз ыстық кезінде, сендер тез-тез қимылдауларыңыз керек. Бір екі аптаның ішінде кіріңдер РКС-қа, түсінікті ғой? Карьер сіздерге сеніп тапсырылып, сіздерге берілді солай ма? Он жыл болды...

Одан өзге Марат Сұлтанғазиев Есік қаласында 180 пәтерлі көпқабатты үйді көріп шықты. Инженерлік желілер тартылып, аула толық абаттандырылған. Сапар соңында әкім Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген өзені арқылы өтетін көпір құрылысымен танысты. Шілде айының басында нөсер жауынның кесірінен бұл өткелді су шайған еді.Қазір өткелді қайта жаңарту жұмыстары жүруде. Жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін арнайы өту жолдары да қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын 5 ай ішінде толық аяқтап, қолданысқа беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: