Жолда сақ болыңыз
Темір жол бойында ажал құшатындар саны азаймай тұр. Биыл жарты жыл ішінде бірнеше адам мерттікті. Ал желілік полиция қызметкерлері тәртіп бұзу тым жиілеп кеткеніні айтып-дабыл қағуда.Тақырыпты кеңірек тілші толықтырады.
Алматы жол дистанциясының қызмет көрсету аумағында 8 темір жол өткелі орналасқан. Бұл Іле ауданында орналасқан 1664 өткел. Бүгінде жолдағы көлік ағыны көбейгендіктен көп мәселе осында туындап отыр дейді темір жол қызметкерлері.
СӘБИРА ШҰЛҒАУБАЕВА
ӨТКЕЛ КЕЗЕКШІСІ
«Сигнал береді, шырылдайды пойыз кележатыр деп. Біз тоқта дейміз соған қарамастан тоқтамай өтеді. Оған дейін шлагбауым түсіп кетеді. Оны қағып, жұлып қашып кетеді. Мына жерде көліктер бір біріне жол бермей бірімен бірі соғылып, мұнда пропка болады. Сондай кезде жағдай шынымен қиындап кетеді»
Пойыз тежегішті баса сала тоқтай қалатын жеңіл көлік емес. Тоқтау аралығының өзі кемі 800 -1000 метірге дейін созылады. Ал жүргізушілердің немқұрайлығы мен жауапсыздығы салдарынан осындай өткелдерде жыл басынан бері 36 мәрте шұғыл тежеу фактісі орын алған.
НҰРЖАН АНАРБЕКОВ
ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ БӨЛІМІНІҢ ШЕБЕРІ
«Алдыңғы айдың 27 күні таңғы сағат 6:14 минутта Ақсеңгір Шамалған перегонында 4040 өткелде жол көлік оқиғасы тіркелді. Ол дегеніміз жүріп келе жатқан пойыздың алдынан қызыл жанғанды елемей шлагбауымды айналып өтіп жолаушылар пойызымен соқтығысты. Ол жерде жүргізуші дене жарақатын алып, көлігі жарамсыз күйде қалды. Нақты айтқанда темір жолдан өту ережесі өрескел бұзылды»
Темір жол бойында мал қағу фактілері де де азаймай тұр дейді жауапты мамандар. Жыл басынан бері 8 мәрте пойызға түрлі түлік қағылып мерт болыпты. Ал отарба жолында ойқастап жүрген яғни құлаққап тағып немесе ішімдік ішкен 7 адам реліс үстінде жан тапсырған.
ДАРХАН АБДУЛЛАЕВ
АЛМАТЫ ЖОЛ ДИСТАНЦИЯСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ
«2026 жылыдың 6 ай 20 күні ішінде алматы жол дистанция аумағында 25 шұғыл тежеу болып, оның жетеуі қайғылы жағдайға әкеліп соқты. Оның себебі адамдардың темір жолдың белгіленбеген тұсынан өткендігінен орын алды. Біз ескертеміз темір жол аса қауіпті аймақ»
Апат айтып келмейді. Сондықтан құқық қорғаушылар темір жол өткелінен өтетін жүргізушілермен айналадағы тұрғындарды - қауіпсіздік ережесін барынша қатаң сақтауға шақырады.