Жағажай жағдайы

Шомылу маусымының қызған шағында Қапшағайдың жағажайларында  санитарлық бақылау күшейтілді. Демалыс аймақтары күнделікті қоқыстан тазартылып, инфрақұрылым жағдайы мен тұрғындардың қауіпсіздігі жіті тексеріліп жатыр. Сонымен қатар, қалада туристер мен жергілікті тұрғындарға арналған жаңа демалыс орындарын абаттандыру жұмыстары да қарқын алған. Толығырақ әріптесім Жадыра Қуанышбек тарқатады.

Бұл - Қонаевтағы жаңа коммуналдық жағажайдың бірі. Аумағы 7 гектардан асатын нысанның жағалау сызығы 680 метрге дейін созылып жатыр. Мұнда демалушылар үшін барлық жағдай жасалған. 56 коммерциялық павильон, визит-орталық, медициналық және полиция пункттері орнатылған. Одан бөлек, 6 құтқару бекеті, 45 әжетхана, катерлерге арналған 3 пирс пен балалардың ойын алаңдары қарастырылған.


 БАУЫРЖАН ЖҰМАН
«ЖАСЫЛ ҚАЛА ҚОНАЕВ» МЕКЕМЕСІНІҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
«жазғы маусым тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 15 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылған. Тұрғындар мен қала қонақтарының жайлы демалысын қамтамасыз ету үшін ол жерде 35 қоқыс жәшігі, 30 контейнер қойылған. Жаз кезеңінде жұмыс күндері жағажайдан орта есеппен 40 текше метрге дейін қоқыс шығарылса, демалыс күндері мен мереке күндері адам санының артуына байланысты 100 текше метрге дейін қоқыс шығарылады»

Нөмірі 5-ші коммуналдық жағажай да толық режимде жұмыс істеп тұр. Аумағы 15 гектардан асатын демалыс орнында 12 құтқару мұнарасы орнатылып, 26 арнайы дайындалған құтқарушы мен медициналық пункт кезекшілік етеді. Аумақты күнделікті тазалауға 25 жұмысшы мен 4 арнайы техника тартылған. Жұмыс күндері мұнда 15 тоннаға жуық, ал демалыс күндері 30 тоннаға дейін қоқыс шығарылады.

ҚАНАТ ҚАЛИЕВ
«ҚОНАЕВ ТҰРҒЫН ҮЙ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
« Жағалауда буйлармен бәрі бекітілген. Жаңағы кемелерге автотұрақ бар, төртеу. Ситарлық нормалар нелермен келісімшарт бар, СЭС-пен. Ол жерде жаңағы производственный контроль дейді ғой, соның бәрі істелінген. Питьевой фонтанчиктен, бассейннен проба алынған, детский бассейн бар, детский бассейннен проба алынған. Көлдің суынан алынған, питьевой судың несі алынған, песоктың бәрін лабораториядан бәрі алынған. Заключениесы бар»

Мамандардың айтуынша, шомылу маусымы аяқталғанша мұндай санитарлық тазалық жұмыстары үзіліссіз жүргізіледі. Өз кезегінде коммуналдық қызмет өкілдері демалушыларды тазалық сақтап, қоқысты тек арнайы контейнерлерге тастауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз: