ШЕКАРАДАҒЫ ҚЫЗМЕТ

Жыл басынан бері Алматы облысындағы «Жамбыл» шекара бекетінің жауынгерлері екі бірдей заңсыз әрекеттің алдын алды.

Отан алдындағы борышын адал атқарып жүрген сарбаздар мемлекеттік шекараны бұзуға әрекет жасаған  екі қырғыз азаматын ұстап, құзырлы мекеменің қарамағына тапсырған. Ел іргесін күндіз түні күзетіп жүрген осындай жалынды жауынгерлердің қызметі жайлы толығырақ тілшіміз тарқатсын. 


5 мемлекетпен шектесетін еліміз нағыз достық пен татулықтың ерекше үлгісін көрсетіп отыр. Бұған бірден бір себеп шекара бойындағы антқа берік, рухы асқақ қыз-жігіттердің еңбегі. Алматы облысындағы 2013 жылы ашылған «Жамбыл» бекетінің жауынгерлері Қырғызстан мен екі ел арасындағы тыныштықты мұқият қадағалайды. Қажет болса жылдам шешім қабылдауға да дайын.


ДАРЫН ӘУКЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ «ЖАМБЫЛ» ШЕКАРА БӨЛІМШЕСІНІҢ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ
«Қырғызстан республикасымен таулы аймақта 30 дан астам шақырымды күзетіп жатырмыз. Ол жерде есірткі тасымалдауы бар. Ол жерде есірткі тасымалдау бар, мемлекеттік шекараны заңсыз өту бар. Осы жылдың басынан бастап екі мемлекеттік шекараны заңсыз өтпек болғандарды ұстадық. Қазір жазғы уақытта бізде таулы аймақ болғаннан кейін ауысыммен 10 күнмен кетеді. Одан бөлек барлау шекара наряды шығады. Олар күннің ыстық суығына қарамай өз қызметтерін атқарады.»

Ұлан ғайыр атырап шебін шекарашылар жіті қорып, кірпік қақпай күзетуде. Әскери қызметшілерден төзімділік пен қырағылық, шапшандық пен шымырлық талап етіледі. Осындай жауапты қызметті атқарып жүргендердің бірі – 19 жастағы Мирас Аманқожа. Қысқа мерзімде сенімді ақтаған сарбаз қазір шегенделген шекараны күзеткен қырағы сарбаз.

МИРАС АМАНҚОЖА
ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР
«Өзіміздің қызметімізді 10 күн атқаратын боламыз. 10 күн ішінде қызметтік итпен және жылқымен мемлекетті шекараны күзету бұйрығын орындайтын боламыз. 

Алматы облысындағы бұл шекара бекеті – Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің маңызды бөлімшелерінің бірі. Мұндағы әскери қызметшілер көрші елдің аумағына 60-қа жуық жылқыны өткізбекші болғандардың жолын кескен. Бұл таулы аймақта ел шебінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген азаматтардың еңбегінің бір бөлігі ғана.  

Сондай-ақ оқыңыз: