ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ
Қонаев қаласында «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» республикалық оқыту семинар-тренингінің үшінші легі басталды. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған бұл жобаға ел аумағындағы жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысуда.
Үш күнге созылатын жиында жастар мемлекеттік органдардың қоғаммен тиімді коммуникация құру жолдарын талқылап, заманауи басқару дағдыларын меңгереді. Әсіресе, өз қатарластарымен жұмыс барысында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізуге ерекше басымдық беріліп отыр. Айта кету керек, елімізде жергілікті деңгейде қызмет көрсететін 235 жастар ресурстық орталығы бар. Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан қолдау тапқан мұндай оқыту жиындары жыл соңына дейін Тараз бен Петропавл қалаларында да өз жалғасын таппақ.
ЖАЗИРА БЕГАЛЫ
“ДАУ-ДАМАЙСЫЗ” БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АВТОРЫ ӘРІ ЖҮРГІЗУШІСІ
Кез келген оқу орнында, мектепте, университетте көпшілікпен жұмыс істеу, көпшілікпен сөйлеу, қарым-қатынас орнату, дау-дамайды шешу және сұхбат кезінде қандай талаптар қойылады, өзінің жұмысын жарнамалау үшін не істеу керек -оны ешкім оқытпайды. Бүгінгі тренингтің мақсаты- мынау жастарды осы көпшілікпен жұмыс істеуге бейімдеу, кедергілерді жоюға қандай қимыл-әрекеттер жасау керек, қандай әдіс-тәсіл керек, соның барлығын мен өзімнің журналистикадағы 30 жылға жуық жұмыс істеймін, сол тәжірибемді жинақтап, бүгін бөлісіп отырмын.
ҚАНАТ ТАЛҒАТОВ
АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұндай оқыту орталығы, семинар-тренингтер өте маңызды. Себебі өздеріңіз білесіздер, жастар мәселесі ол өте орасан зор мәселе. Мен өзім Жастар ресурстық орталығында 6 жылдан артық жұмыс жасаймын. Осы уақыттар аралығында талай оқытуда болдық. Дәл осы жерден көрген-түйгеніміздің бәрін біліп, көріп, өз өңірімізге, өз қаламызға барып, бұл жастарымызға барынша көмектесіп, білімімізбен бөлісеміз деген ойдамыз.