МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

Райымбек ауданында мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп, өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар қатары артып келеді. Солардың бірі – аудан тұрғыны Қанат Шелекпаев. Ол 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, жылыжай шаруашылығын шалқытып отыр.

Грант қаражатына кәсіпкер заманауи жылыжай салып, көкөніс баптады. Бүгінде мұнда қияр мен қызанақтан бөлек, құлпынай мен таңқурай да өсіріледі. Осылайша кешен аудан тұрғындарын сапалы әрі табиғи таза өніммен қамтамасыз етіп отыр. 


ҚАНАТ ШЕЛЕКПАЕВ        КӘСІПКЕР
“Мен бұл іспен 2022 жылдан бері бастап айналысамын. Ол кезде 40 квадрат кішкентай жылыжайымыз болған. 23-нші жыл осы үлкен 220 квадрат жылыжай салдық. Қазіргі таңда қызанақ, қияр,  далада құлпынай, таңқурай өсіріп жатырмыз. Болашақта тағы да жылыжайлар салсақ деген ниеттеміз . Содан жер мәселесі болып тұр бізде. жер мәселесін қарастырып, су светке жақын жерлерден жер табылып жатса ары қарай кеңейту ойымыз да бар.”


Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттік қолдау жұмыс ауқымын екі есе арттыруға мүмкіндік беріпті. Сөйтіп табатын табыс та екі еселенді дейді.  


ҚАНАТ ШЕЛЕКПАЕВ       КӘСІПКЕР
“Біздің өнімдеріміз  органикалық таза тыңайтқыштан пайдаланамыз, химикаттар жоқ арасында. Бәрі таза табиғи өнім дәмі де, бәрі де жақсы, түрі де бәрі жақсы. Сапасына сай, осы аудан тұрғындарына сұраған тапсырыспен арнайы жинап береміз кезек-кезегімен.  Қолдан келгенше өнім жеткізуге тырысып жатырық. Әлі де  жетпей жатқан тұстары бар.Алла қаласа болашақта осы жылыжайды  үлкейтіп,  жанымызға адамдар алсақ, жұмыспен қамтысақ,  осы ауданда ауылдарды осындай таза табиғи өнімдерді қамтамасыз ету ойымызда бар.”


Мемлекеттік грант – жаңа бизнес бастауға немесе кәсіп аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін маңызды қолдау тетігі. Осындай нәтижелі жобалар аудан экономикасының дамуына тың серпін беріп отыр. 

Сондай-ақ оқыңыз: