ФАП АШЫЛДЫ

Жамбыл ауданы, Бозой ауылында су жаңа фельдшерлік акушерлік пункті ашылды. Аталған нысанның ел игілігіне берілуі ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырып, медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы тың қадам болды. 


300 ге жуық тұрғыны бар аядай ауыл жұртының 50 шақтысы диспансерлік есепте тұрады. Арасында мүгедектігі бар азаматтар да жоқ емес. Бұл жаңа мекеме күніне 15-20 адам қабылдап ем шара жасауға арналған. Жабдықтары заман талабына сай. Мұнда 1 фельдшер және 1 мейірбике жұмыс істейді. 


    


НҰРСҰЛТАН ОШАҚБАЙ                  ДӘРІГЕР 
Салыстырып айтатын болсақ біріншіден жаңа амбулатория, екіншіден заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. ЛФК зал, акушерлік кабинет бар жеке-жеке, заманауи талаптарға сай барлығы.  Пункті міне Бозой ауылдық-фельдшерлік пункті болған мына жерде бұрын, ол ескі здание болған, здание емес бір ескі үй ғой былайша айтқанда. Сол жерде отырды осы уақытқа дейін қыздар. Қаншама қиыншылық замандар өтті, енді қазір құдайға шүкір, жап-жаңа амбулатория, барлық условияда, енді тек қана жұмыс істейміз деген үміттемін. 


"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында аталмыш нысанның еңсе тіктеуіне 180 миллион қаражат бөлінген. Шеткері ауылдағы мұндай мемлекет қамқорлығына ауыл жұрты дән риза.
 


РАЯ ОСПАНОВА             АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Біздің мына Бозой ауылында бүгін мына емхана ашылып жатыр, осы емханаға қуаныштымыз ашылғанына, осы бұрында енді біз Жамбыл ауданына барып сол жақта емделіп қаралатынбыз, енді қазір өзіміздің ауылымызда ашылды, соған қуаныштымыз. Осыған еңбек еткен көпшіліктің барлығына алғысымыз шексіз. Барлықтарының дендері сау, еңбектері жемісті болсын. 

Айта кетсек соңғы жылдары облыс аумағында дәл осындай 38 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілсе, оның 16-сы Жамбыл ауданына тиеселі. 

Сондай-ақ оқыңыз: