Еңбекшіқазақ ауданынында елге танымал тұлғалар мен белді спортшылар сайлауға қатысты

Еңбекшіқазақ ауданынында сайлауға қатысқандар арасында  елге танымал тұлғалар мен белді спортшылар бар. Референдум учаскелерінің маңында жәрмеңкелер ұйымдастырылып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламалар өтті.

Аудан учаскелерінен әр жастағы азаматтарды көруге болады: жастар да, аға буын өкілдері де өз азаматтық парызына адалдық танытып, дауыс берді. Ел болашағына бей жай қарамай, көпке үлгі болған жандардың бірі көрнекті жазушы, ақын  Тұманбай Молдағалиевтің аяулы жары - Күлтай Молдағалиева. Ол ақын есімі берілген мәдениет үйіне келіп, таңдау жасады. 

Маңызды күні Есік қаласында тұрғындардың көңіл-күйін көтеруге түрлі кейіпкерлер де атсалысты. Алтын адам, алып робот, Таусоғар мен Алдар Көсе бейнесіндегі аниматорлар көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Есікке арнайы келгендердің қатарында еліміздің намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғап жүрген чемпиондар да болды. 

Жалпы Еңбекшіқазақ ауданында 122 сайлау учаскесі ашылды. Ауданда 183 630 ға жуық сайлаушының дауыс беру құқы бар.  

Сондай-ақ оқыңыз: