Байсерке ауылының халқы сайлауға дайындықпен барды
Байсерке ауылының халқы да сайлауға дайындықпен барды. Өйткені бүгінгі таңдау – ертеңгі шешімдердің бастауы. Әсіресе жас ұрпақтың білімді, сауатты әрі жауапты азамат болып қалыптасуы үшін саяси науқанға қатысудың маңызы бөлек.
Байсерке ауылы өңірдегі тұрғындар ең тығыз қоныстанған іргелі елдімекендердің бірі. Сондықтан да учаскелерде таңнан бері бір сәтке дамыл жоқ. Азаматтар ерекше белсенділік танытып өз таңдауын жасап жатыр. Ендеше ауыл тұрғынынан кезекті саяси таңдаудың қаншалықты маңыздылығы туралы пікірін біліп көрсек.
Бұл Байсерке ауылында орналасқан № 361 сайлау учаскесі. Мұнда да жас өнерпаздардан құралған бишілер тобы келіп, ұллттық би билеп саяси науқанға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Комиссия төрағасы түс ауғанша сайлаушылардың жартысына жуығы келіп өз таңдауын жасады дейді.
Қазір Байсерке ауылындағы №370 сайлау учаскесіне 2027 адам тіркелген. Комиссия мүшелерінің айтуынша қазірге дейін оның 50 пайызға жуығы яғни 1000 ға тарта азамат келіп өз таңдауларын жасады.