Райымбек ауданында мемлекеттік шекараны қорғауға атсалысып жүрген жасақ мүшелерімен кездесу өтті

Райымбек ауданында мемлекеттік шекараны қорғауға атсалысып жүрген ерікті жасақ мүшелерімен кездесу өтті.

Жиында азаматтардың шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттері мен құқықтары түсіндірілді. Белсенділік танытқан еріктілерге арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталып,  куәліктер берілді. Кездесуде шекара қызметіне  үлес қосып, маңызды ақпарат ұсынған азаматтарды ынталандыру керектігі айтылды. Алдағы уақытта белсенді еріктілерді 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйақы және бағалы сыйлықтармен марапаттау жоспарланып отыр. 

РУСЛАН  ҚЫДЫРМОЛДАҰЛЫ
НАРЫНҚОЛ ШЕКАРА БӨЛІМШЕСІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН  АТҚАРУШЫ
“Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты Райымбек ауданында орналасқан еркекті жасақтар мүшелерінің бірлесіп жұмыс атқарған бойынша 3-нші  тоқсанды қорытындыладық.СКЛ Бірлескен жұмыстар сәтті болады деп ойдамыз.Болашақта үлкен жетістіктерге жетеміз деген сенімдемін рақмет!

Сондай-ақ оқыңыз: