Сайлау қорытындысы: Алматы облысында 742 мыңнан астам тұрғын дауыс берді
Елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны өз мәресіне жетті.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше маңызды саяси шара ешқандай заң бұзушылықсыз, бекітілген тәртіппен әрі жоғары белсенділікпен өтті. Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмыс істеп, дауыс беру процесін 3200-ден астам бақылаушы жіті қадағалады. Олардың хабарлауынша, сайлау нәтижесіне әсер ететіндей ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Өңірде 742 мыңнан астам тұрғын таңдау жасап, сайлаушылардың қатысуы 71,17 пайызды құрады.