Іле ауданында республикалық «Мектепке жол» акциясы қарқынды жүріп жатыр
Іле ауданында республикалық «Мектепке жол» акциясы қарқынды жүріп жатыр. Әлеуметтік осал топ өкілдері мен көп балалы отбасыларға мемлекеттік қолдаудан бөлек, демеушілер де көмек көрсетуде.
Сабақтың басталуына санаулы күндер қалды. Жаңа оқу жылында Іле ауданында 60 мың оқушы мектепке барады деп жоспарланып отыр. Оқушыларды қажетті құрал-жабдықпен қамту мақсатында ата-аналарға түрлі көмек көрсетіліп жатыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік қолдау көп.
АСҚАР САДЫҚОВ
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бюджет тарапынан да көмек көрсетіліп жатыр. Іле ауданында 12900 бала қамтылған. Жалпы бюджеттен 650 млн теңге бөлінген. Оны ата-аналардың арнайы шоттарына 50835 теңге қаражат жіберілді.»
Дәптер, қалам, қарындаш пен киім кешекке алуға қажетті қаржылай көмек 700 оқушыға берілді. Жауаптылардың сөзінше 1 қыркүйекке дейін бас-аяғы мыңға жуық бала демеушілерден дәл осындай қолдау алады.
КӘМШАТ ҚАБЫЛОВА
КӨПБАЛАЛЫ АНА
«Қазіргі таңда көп балалы аналарға балаларын киіндіру өте қиын. Бір балаға берілген осындай қаржылай ақша кәдімгідей көмек болып қалады. Қазір 50 000 ға сөмкесін, аяқ киімін, дене шынықтыру киімін, қажетті құралын ала аламыз.»
Сонымен қатар әкімдік пен кәсіпкерлер арасындағы әлеуметтік әріптестік аясында дүкендерде қосымша жеңілдіктер қарастырылған.