Алматы облысының әкімі тұрғындарды алаңдатқан мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізді
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды алаңдатқан мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізді.12 азаматтың өтініші қаралып, тұрғын үй, жер алу, білім беру және абаттандыру мәселелері талқыланды.Жаңа оқу жылына дайындық барысы сөз болды. Талғар ауданындағы мектептердің бірінде оқулық жетіспейді. Аймақ басшысы бұл мәселені жуық арада реттеледі деді. Қоршаған ортаның тазалығы мен елді мекендерді көркейтуге қатысты ұсыныстар да назардан тыс қалмады. Әкім азаматтардың әрбір өтінішін мұқият қарап, жауапты мекемелерге тиісті тапсырма берді.
АЯТХАН КҮТІМОВА
ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Жер өзіміздің атымыздағы жер, үй саламыз деп алып қойғанбыз үлкен жер. Үй саламыз сол жерде бір шағын кәсіп ашамыз дегенбіз. Содан жер үкіметке өтетін болды, өйткені проект түсті сол жерге өтетін болды деді. 1 жыл 7 ай болды артынан жүргенімізге. Ал енді выкуптың бәрін жасады. Талғардың әкімдеріне, Талғардың жұмыс істеп отырған жер бөліміндегі жұмыс істеп отырған адамдардың бәріне рақмет»