Байсерке ауылында көшелер кеңеюде
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Байсерке ауылының орталығы үнемі кептелістен көз ашпайтын. Әсіресе базар маңындағы жағдай тұрғындарды әбден мезі еткен. Дегенмен, жергілікті әкімдік бұл мәселені оңатайлы шешті.Көшелер кеңейтіліп, көліктердің еркін қозғалысына қолайлы жағдай жасалды.
Байсерке - Іле ауданыдағы халық ең тығыз қоныстанған елді-мекен. Ауылда 30 мыңға жуық халық тұрады. Ал Қарой, Қосөзен, Тілендеев, Көктерек сынды елді-мекен тұрғындары қажетті дүниесін осы жерден табады. Әрі Батыс пен Шығысты жалғайтын таранзиттік күре жолдар ауыл маңынана өтеді. Сондықтан мұнда көлік кептелісі жиі туындайтын. Ал орталық көше кеңейгелі адам тасымалымен айналысатын жүргізушілердің жолдағы машақаты азайды.
НҰРМҰҚАН ӨТКЕЛБАЕВ
КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ
«Осы Чапайға дейін Қос өзенге дейін барам. Ары Қарой Шилккемір кете береміз ғой. Бұрын мына жерде машина қоятын жер жоқ болатын ғой бізде. Жолдың арғы бетіне шығатынбыз бергі бетіне шығатынбыз. Орын таппай. Қазір бізге өте ыңғайлы болды. Адамдарға да жақсы болды»
Бұл өзекті мәселені Байсерке әкімдігі білек сыбана кірісіп оңтайлы шешті. Яғни, жол торабынан әр бағыттағы көшелерді 2 метрге дейін кеңейту жұмыстары жүргізілген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 10 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, игерілді.
САМАТ ӘБСАМАТОВ
БАЙСЕРКЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Келген машина тоқтайды. Артынан келген машина өте алмай кептеліс жасайтын. Аварини ситуация туындайтын. Ыңғайсыз болатын. Сондықтан біз жолды былай былай бір жарым былай бір жарым метірге кеңейттік. Бардиорларын алып. Қазір бұрылған машинамен тоқтаған машина бір біріне кедергі жасамайды. Кептеліс жоқ. Тұрғындарға да көлік жүргізушілеріне де ыңғайды. Сосын мына Қарой бағытына аялдама да қойдық»
Бұған қоса биыл ауылда жалпы ұзындығы 25 шақырым болатын 23 көше орташа жөнделді.